Мамандар біліктілігін көтеретін оқу орталығы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитетi 2011 жылғы 14 қаңтарда берген №0001235 аттестаты бар AGSA оқу орталығы өнеркәсіптік, өрт (ӨТМ) қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында мамандарды дайындау, қайта дайындау және біліктілігін көтеру бойынша семинарлар, тренингтер, курстар және т.б. өткізеді.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік
- Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитетi 2011 жылғы 14 қаңтарда берген №0001235 аттестаты бар AGSA оқу орталығы өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласында мамандарды дайындау, қайта дайындау бойынша семинарлар, тренингтер, курстар және т.б. өткізеді.
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау
- Бұйрық пен «Маңғыстау облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесімен 2014 жылғы
15 шілдеде келісілген №01-11/78 оқу бағдарламасы негізінде AGSA оқу орталығы«Қауіпсіздік және еңбекті қорғау» курсы бойынша оқытуды жүзеге асырады.
Өрт-техникалық минимум
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 9 маусымдағы №276 бұйрығы негізінде өрт қауіпсіздік (ӨҚМ) шараларына оқу жүргізеді.
Төмендегі салаларда өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бойынша мамандарды атестаттау:
- Тау-кен және кенсіз өнеркәсіптерінде бақылау.
- Тамақ өнеркәсібінің объектілеріне бақылау.
- Мұнай-газ өндіретін объектілерге бақылау.
- Металлургия және кокс химия өндірістері мен объектілеріне бақылау.
- Жарылу-өрт қауіпі бар, химиялық қауіпті объектілерге және арнайы химия объектілеріне бақылау.
- Мұнай-химия мен мұнай өңдеу өнеркәсіптерінің объектілеріне бақылау.
- Газ тұтынуды және газ бөлуді бақылау.
- Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды бақылау.
- Көтергіш құрылыстарды бақылау.
79-бап.
1. Қауіпті өндірістік объектілердің және басқа ұйымдардың жұмыскерлерін өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлау, қайта даярлау.
2. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа тартылатын аттестатталған ұйымдардың, жобалау ұйымдары мен өзге де ұйымдардың мамандарын, жұмыскерлерiн оқыту және білімін тексеру (емтихандар) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау құқығын беретін аттестаты болған кезде қауіпті өндірістік объектінің немесе оқу ұйымының оқу орталығында жүргізіледі.
3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау құқығына аттестатталған ұйымдар оқытуды жүргізу үшін оқу жоспарын және жұмыскерлерді өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына оқыту бағдарламасын әзірлейді, бұларды өздерінің басшысы бекітеді.
4. Қауіпті өндірістік объектінің технологиялық процесіне қатысатын, қауiптi өндiрiстiк объектiлерді пайдаланатын, техникалық қызмет көрсетуді, техникалық куәландыруды, монтаждауды және жөндеуді орындайтын, қауіпті өндірістік объектілерге жұмысқа кіретін, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа тартылатын аттестатталған ұйымдардағы, жобалау ұйымдары мен өзге де ұйымдардағы техникалық басшылар, мамандар және жұмыскерлер:
1) қауіпті өндірістік объектілердегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізуге жауапты лауазымды адамдар, сондай-ақ олардағы жұмыстарды орындайтын жұмыскерлер – он сағаттық бағдарлама бойынша алдын ала оқытыла отырып, жыл сайын;
2) техникалық басшылар, мамандар және инженерлік-техникалық жұмыскерлер – қырық сағаттық бағдарлама бойынша алдын ала оқытыла отырып, үш жылда бір рет даярлауға жатады.
5. Қауіпті өндірістік объектінің технологиялық процесіне қатысатын, қауiптi өндiрiстiк объектiлерді пайдаланатын, техникалық қызмет көрсетуді, техникалық куәландыруды, монтаждауды және жөндеуді орындайтын, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа тартылатын аттестатталған ұйымдардағы, жобалау ұйымдары мен өзге де ұйымдардағы техникалық басшылар, мамандар және жұмыскерлер он сағаттық бағдарлама бойынша алдын ала оқытылып, мынадай жағдайларда:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын белгілейтін Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілері қолданысқа енгізілген кезде немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын белгілейтін Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде;
2) егер жаңа міндеттер басшыдан немесе маманнан қауіпсіздік бойынша қосымша білімді талап ететін болса, лауазымға тағайындалған кезде немесе басқа жұмысқа ауысқан кезде;
3) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бұзылған кезде;
4) жаңа жабдықты пайдалануға берген немесе жаңа технологиялық процестерді енгізген кезде;
5) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын жеткілікті түрде білмейтінін анықтаған кезде олардың талабы бойынша қайта даярлануға жатады.
6. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердi пайдаланатын ұйымдардың, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа тартылатын аттестатталған ұйымдардың, жобалау ұйымдары мен өзге де ұйымдардың мамандарының, жұмыскерлерінің білімін тексеруді жүргізу үшін қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйым немесе оқу ұйымы басшысының бұйрығымен (өкімімен) тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары құрылады, оларды қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымның оқу орталығының немесе оқу ұйымының басшысы немесе басшының орынбасары басқарады.
7. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшылары, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларының мүшелері өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен үш жылда бір рет емтихан тапсырады.
Өзге де заңды тұлғалардың басшылары және тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларының мүшелері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының немесе оның орынбасарының төрағалық етуімен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің комиссиясына үш жылда бір рет емтихан тапсырады.
8. Құрамы үш адамнан кем емтихан комиссиясының білімді тексеруіне жол берілмейді.
9. Емтихан билеттерін және (немесе) тестілеудің электрондық бағдарламаларын оқу ұйымдары әзірлейді және оны өздерінің басшылары бекітеді.
Емтихан тапсырған адамдарға емтихан комиссиясының төрағасы қолын қойған, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган белгілеген бірыңғай үлгідегі куәлiк беріледi.
10. Куәлiк онда көрсетiлген мерзiмдер кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағында жарамды.
11. Емтихан тапсырмаған адамдар бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде білімін қайта тексеруден өтеді.
12. Емтиханды тапсырмаған адамдар жұмысқа жiберiлмейдi.
13. Мерзiмi өткен куәлiгі бар адамдар жұмысқа жiберiлгеннен кейiн бiр ай iшiнде емтихан тапсыруға тиiс.


